«Балалар әлемі – Қазақстан» қайтару картасын пайдалану қағидасы
1. «Балалар әлемі – Қазақстан» қайтару картасы (бұдан әрі – Карта) – тауарды қайтарған кезде сатып алушының келісімімен есепке алынатын ақша қаражаты шоғырланатын карта. Картадағы ақша қаражатының сомасы сатып алушы тиісті өтініште көрсеткен есеп алу сомасына тең. Карта «Балалар әлемі – Қазақстан» дүкендерінде кез келген сатып алуларды сатып алу үшін арналған*.
2. Ұстаушы – оған «Балалар әлемі» бөлшек сауда дүкенінде Карта тегін берілген тұлға.
3. Картаны беру және/немесе Картаны пайдалану Ұстаушының осы Қағидамен сөзсіз келісетінін білдіреді. Картаның бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде шығарушы - «Балалар әлемі – Қазақстан» ЖШС-нің меншігі болып қалады.
4.Картаны пайдалану үшін қандай да болмасын құжаттарды ұсынуды талап етпейді. Карта «ұсынушы» тәртібінде қызмет көрсетіледі. Карта қайтарылған Тауар үшін оған ақша қаражатын есепке алғаннан кейін пайдалануға қолжетімді.
5.Картаға ақша қаражатын есепке алудың біржолғы ең жоғарғы сомасы 200 000 (екі жүз мың) теңгені құрайды. Егер қайтарылған тауар сомасы Картаның 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшеріндегі лимиттен асқан жағдайда Ұстаушыға келесі Карта беріледі және одан әрі қайтарылған тауардың толық сомасын көрсеткенге дейін.
6.Карта толықтырылмайтын болып табылады, яғни ақша қаражатын шоғырландыру бір рет қана мүмкін.
7.Картаны теңгерімі мен әрекет ету мерзіміне байланысты шексіз санын қолдануға болады.
8. «Балалар әлемі – Қазақстан» бөлшек сауда дүкендер желісінде сауда жасаған кезде Ұстаушы Картаны пайдалана отырып, тауарға төлем жасауға құқылы. Егер сауда жасау сомасы Картаның лимитінен асқан жағдайда ұстаушы қолма қол ақша қаражатымен, банк картасымен, сыйлық картасымен қалғанын төлеуге құқылы.
9. Картаны пайдалана отырып, таңдалған тауарға төлем жасау кезінде Ұстаушы тауарды сатып алу және Карта бойынша соманың барлығын немесе бір бөлігін пайдалану фактісі туралы куәландыратын, сондай-ақ қалдығы көрсетілген Картаны пайдаланумен операциялар бойынша ақпараттан тұратын касса чегін алады. Егер Ұстаушы қолма қол ақшамен немесе банк картасымен, сыйлық картасымен қалғанына төлем жасалынған жағдайда сатып алынған тауардың барлық сомасына Картаны пайдаланумен операциялар және жоғарыда аталған тәсілдердің бірімен жасалынған қалғанын төлеу сомасы бойынша ақпараттан тұратын бірыңғай касса чегі беріледі.
10. Картадағы ақша қаражатының қалдығын қолма қол ақшаға айналдыруға немесе басқа картаға аударуға болмайды. Жоғалған немесе бүлінген Карта қалпына келтіруге немесе ауыстыруға жатпайды.
11. Картаның теңгерімі мен оның әрекет ету мерзімін бөлшек сауда дүкендерінде орналасқан ақпарат дүңгіршіктерінен немесе мына: https://gift.korona.net/pkl-ias/start_user.html?skin=dm_kz сілтеме бойынша нақтылауға болады.
12. Картаны пайдалана отырып, сатып алынған сапасыз тауарларды ауыстыру немесе қайтару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіпте бөлшек сауда дүкендерінде жүзеге асырылады.
13. Картаның әрекет ету мерзімі: Картаға қайтарылатын тауарлар үшін ақша қаражатын есеп алған кезден бастап 12 ай.
* «Балалар әлемі - Қазақстан» сауда желісі дүкендерінің толық тізбесі мына сайтта https://kz.detmir.com/