Сыйлық карталарын сатып алу және «Балалар әлемі – Қазақстан» дүкендер желісінде пайдалану қағидасы 1. «Балалар әлемі» сыйлық картасы (бұдан әрі – Карта) — белгіленген атаулы құнымен магнитті жолағы бар пластикті карточка. Карта «Балалар әлемі» сауда желісінің кез келген дүкенінде тауарларды сатып алу кезінде іске қосылады және қолданылады. «Балалар әлемі» сауда желісі дүкендерінің толық тізбесі https://kz.detmir.com/ сайтында бар.
2. Картаны іске қосу және/немесе Картаны пайдалану Ұстаушының осы қағидамен сөзсіз келісуін білдіреді. Картаның барлық қолданылу мерзімі ішінде эмитент – «Балалар әлемі – Қазақстан» ЖШС меншігінде қалады. Сатып алушы Картаны үшінші тұлғаға (Ұстаушы) беру жағдайында Ұстаушыға «Балалар әлемі» сыйлық картасын пайдаланумен тауарларды сату қағидалары» туралы ескертуге міндетті.
3. Картаны іске қосу Сатушы және Картаны Сатып алушы арасында Сатып алушының Картаның әрекет ету мерзімі ішінде Картаны Ұстаушымен сату-сатып алудың бөлшек шартын жасасу күніне «Балалар әлемі» сауда желісінің сауда залдарында ұсынылған бағалар бойынша сұрыпталымнан тауарларды бөлшек сату-сатып алудың негізгі шартын жасау міндеттемесімен алдын ала шарт жасасқаны туралы куәландырады. Мұндай шартты кез келген Карта Ұстаушы жасай алады, себебі Карта еркін беріледі және «ұсынушы» тәртіпте жұмыс істейді.
4. Картаны іске қосу және пайдалану үшін қандай да бір құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Сыйлық картасын Сатып алушы аванстық төлем жасаған кезден бастап Сатушы тіркейді (іске қосады). Картаны іске қосқан және аванстық төлем жасаған кезде Сатып алушы Картаны және қабылданған аванстық төлем сомасына касса чегін алады. Картаны іске қосқан күннің келесі күнінде карта (қаражат) пайдалану үшін қолжетімді.
5. Егер Карталарды Сатып алушы заңды тұлға болып табылған және аванстық төлем жасау Сатушының есеп шотына қаражатты қолма-қол ақшасыз аудару арқылы жүзеге асырылған жағдайда оны Сатып алушыға берген кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде Сатушы Картаны іске қосады. Сатушы берілген Карталардың нақты санын және нөмірлерін/нөмірлер ауқымын көрсете отырып, Қабылдау-беру актісі бойынша Сатып алушыға Карталарды береді.
6. Картаны Сатып алушының жасаған ақша қаражатының төлем сомасы оның таңдаған Картаның атаулы құнына сәйкес келеді және аванстық төлем болып табылады, ол Карта Ұстаушымен бөлшек сату-сатып алудың негізгі шартын жасасқан жағдайда сатып алынатын тауарлардың ақысы есебі ретінде есептеледі. Егер Картаның әрекет ету мерзімі ішінде Картаны Ұстаушымен бөлшек сату-сатып алудың негізгі шарты жасалмаған жағдайда аванстық төлем қайтарылмайды. Жасалған алдын ала төлем сомасына пайыздар есептелмейді және төленбейді.
7. Картаның беттік жағында көрсетілген жасалған аванстық төлем сомасын Ұстаушы Тауарларды сатып алу кезінде пайдаланады. Егер сыйлық Картасында көрсетілген сома немесе аванс қалдығының сомасы таңдалған тауар құнынан артық болса, онда қалған соманы ескерумен оның әрекет ету мерзімі ішінде Картаны бірнеше рет пайдалануға болады. Картаның белгіленген атаулы құнынан артық сомаға тауарды сатып алу кезінде қолма-қол ақшамен, банк Картасымен немесе басқа сыйлық картасы арқылы қалған сомасын төлеуге болады.
8. Картаны пайдаланумен сатып алынған тауарға «Балалар әлемі» сауда желісінің бонустық бағдарламасы ережесі таралады.
9. Таңдалған тауарды Картаны пайдаланумен төлеу кезінде Ұстаушы тауарларды сатып алу және аванстық төлемді толық немесе бір бөлігін пайдалану фактісін куәландыратын, сондай-ақ қалдығы көрсетілген Картаны пайдаланумен операциялар бойынша ақпараттан тұратын касса чегін алады. Егер қосымша төлем қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен жасалған жағдайда сатып алынған тауардың барлық сомасына Картаны пайдаланумен операциялар және қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен жасалған қосымша төлем сомасы бойынша ақпараттан тұратын бір касса чегі беріледі. Картаның түпнұсқалығы оны пайдаланумен есеп айырысу кезінде тексеріледі.
10. Төлемнің әртүрлі құралдарымен: сыйлық картасының белгіленген атаулы құнын, ниеттестік бағдарламасының бонустарын қоспағанда қолма-қол ақша немесе банк карталарын пайдалану арқылы Карталарды сатып алуға болады.
11. Картаны Дүкендер кассасынан қолма-қол ақша қаражаттарын алу үшін пайдалануға болмайды.
12. Картаны пайдаланумен сатып алынған тауарларға кепілдікті қызмет көрсету, ауыстыру және сапасыз тауарды қайтару тек тауарды сатқан дүкенде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жалпы тәртіпте ғана жүзеге асырылады.
13. Картаны жоғалтқан, бүлінген немесе ұрлатып алған кезде қалпына келтірілмейді. Картаны пайдаланумен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын дүкендер Картаны рұқсатсыз пайдаланылғаны үшін жауап бермейді, өйткені Картаға «ұсынушы» тәртібінде (осы қағиданың 3-тарауын қараңыз) қызмет көрсетіледі. Егер Карта бойынша сатып алу кезінде Карта іске қосылмаған жағдайда сыйлық карталарымен жұмыс жөніндегі жауапты қызметкер аталған мән-жай бойынша анықтау және жою бойынша шаралар қабылдайды.
14. Картаның әрекет ету мерзімі: іске қосқан кезден бастап 12 ай.